• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

"Бір ел - бір кітап" акциясы

"Бір ел - бір кітап" - 2010

2010 жылы «Бір ел – бір кітап»  акция аясында Жұбан Молдағалиевтің «Мен Қазақпын»  поэмасы  жыл кітабы болып таңдалды.

Жұбан  Молдағалиев (1920ж -1988ж)  1920  жылы  5 – ші  қыркүйекте  Орал  облысының  (қазіргі  Батыс Қазақстан)  Тайпақ  ауданындағы  Жыланды  деген  жерде  дүниеге келген. Руы  Құл.  Әкесі  Молдағали,  анасы Зеріп. Қаз  тұрып  та үлгермеген  кезінде ,  әкесі  дүниеден  өткен. Анасы  Зеріп  4  баламен  жесір  қалған.  Үш бауыры  да  қаза  болған. Анасы  ғұмырының  тең  жартысын  коммунистік  партиясының  қатарында  өткізіп  дүние  салды. «Жас  кезінде  ақын  атанып,  айтыстарға  түскен  аяулы  анам  кейін  жесір  қалып  күңдік  қамын  кигенде,  сәл  қолы  босай  қалса,  мені  алдына  алып  отырып,  өзінен - өзі  өлеңмен  сыр  шертетін,  шер  тарқататын.  Қазақ  эпосының  көптеген  шығармаларын  жатқа  білетін» - дейді.

Мектеп  есігін 1930  жылы  ашты.  Қызылжар  жұмысшы – шаруа  жастары  мектебі  деп  аталатын.

1940 жылы  Орал ауыл шаруашылығы  техникумын  бітіріп,  1940 – 1947 жж.  Совет  қарулы күштерінің  қатарында  болған. Ұлы  Отан соғысына  қатысқан.  Соғыстың  бірінші  күнінен  ең  ақырғы  күніне  дейін  әскери  журналист  болған. 

1948 – 1952 жж «Лениншіл  жас» (қазіргі  Жас Алаш) газетінде  бөлім  меңгерушісі,  жауапты хатшы,  редактордың  орынбасары,  1958 – 1963 жж. «Жұлдыз»  журналының  бас редакторы  қызметтерінде  болған.

1953 – 1954 жж  және  1963 – 1971 жж. Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  екінші  хатшысы,  1979 – 1983 жж.  бірінші  хатшысы,  КСРО  Министрлер  Кеңесі  жанындағы  әдебиет,  көркемөнер  және  архитектура  саласындағы  Лениндік  және  Мемлекеттік  сыйлықтар  жөніндегі  комитеттің, «Новый  мир» журналы  ред – колегиясының және  «Библиотека  поэта»  басылымы  колегиясының мүшесі  болған. «Ленин  тірі»  атты  алғашқы  өлеңі  Орал  облыстық «Комсомол  ұрпағы»  газетінде  1939 жылы  басылған.  1949  жылы «Жеңіс  жырлары»  деген  атпен  тұңғыш  өлеңдер  жинағы  шыққан. Содан  бергі  жылдар  ішінде «Нұрлы  жол», «Жыр  туралы  жыр», «Ғашық көзбен», «Заман  тынысы»,«Айттым  сәлем», «Байқоңыр  баспалдақтары», «Ақ  жалын», т.б.  барлығы 60 – тан  астам  кітабы,  әр  кезеңде  қазақ,  орыс  тілдерінде  таңдамалы  шығармаларының  бір  томдығы,  қос  томдығы,  үш  томдығы  жарық  көрді. Өзі  дүниеден  өткеннен кейін  шығармаларының  екі  томдығы  шықты (2000ж).

Өзі  туған «Жыланды»   жерін  1961  жылы  ғана  көрген.Туған  жылы  аш  жылына  тап  келіп,  ата – анасы  басқа  жерге  көшкен.  Қырық  жылдан  кейін  оралғанда  «Туған  жер»  атты  поэма  дүниеге  келген.

«Ұлтым – қазақ..  Патша  өкіметі  тұсында  саяси  құқығы  болмағаны  былай  тұрсын,  тарихымыз  да  танылмады,  ұлтымыз  да  өз  атымен  аталмады.  Біздің  қырғыз  бауырларымыз  өз  алдына  дербес,  ежелгі  ел бола  тұрса  да,  оларды  өз  атынан  айырмақ  боп,  бізді «қырғыз»  деп  кемсітіп  атады».

«Халқымның  қасіретті  кешегісі  мен  бүгінгі  бақытты  шағы  маған «Мен  -  қазақпын!»  деген  поэма  жазу  жөнінде  ой  салды».  1964  жылы  жарық  көрді. Бұл  поэма  Алматы  мен  Москвада  қазақ  және  орыс  тілдерінде  бірнеше  рет  қайталанып  басылып  шықты.

«Мен - қазақпын»  - публицистикалық  поэма.  Мұндағы  айтылмақ  ой – түйін  тасыған  сезіммен,  көтеріңкі  көңілмен  қанаттанған.  Толғау  деуге де,  өмірді  мадақтаған  ода  деуге  де  жарамайды.  Белгілі  бір   сюжет  болмаса  да,  ақын  тарихи  оқиғаны  жырлап  отырғандай  сезіледі,  қаншама  асқақтап,  бай  метафораларды  қару  еткенімен,  өткен  өмірдегі  ащы  шындықты айтып  отырғаны  түсінікті.

«Мен - қазақпын»  поэмасында  қазақ  халқының  ұзақ  жылдарғы  тарихына  шолу  жасап,  дархан  халық  бейнесін  жинақтаған.  Ел  тағдырындағы  кезеңді  оқиғаларды  айта  отырып,  қазақ  халқының  отаршыларға,  басқыншыларға  қарсы  күресін  суреттеді.

«Мен – қазақпын  мың  өліп,  мың  тірілген»  деген  арқау,  қайырма  бүкіл  халықтың  жүздеген  жылдар бастан кешірген  мүшкіл  халін  бейнелейді.  Ауыр,  азап  күндер,  шапқыншылық,  өнімсіз,  митың  тіршілік,  белгісі  жоқ  күндер  мен  жылдар  жайы  айтылғандай.

Мен – қазақпын,  ажалсыз  анамын  мен,
 Құрсағыма  сидырар  даланы  мен.
Пәк  сәбимін  бесікте  уілдеген
Дәуірлермен  құрдаспын,  даламын  мен.
Осындай  боп  білмеймін  кімнен  тудым,
Бәлки  қайсақ,  бәлки  бір  гуннен  тудым.
Деп шатыпты  біреулер  «күннен тудым»
 Жоқ,  сірә, мен  қара  құл,  күңнен  тудым.

Лирикалық  шегіністермен  осылай  бүкіл  тарих  белестерінің  әр  кезеңіне  қазіргі  заманнан  баламасын  тауып,  салыстыру  әдісімен  құйыла,  төгіле  айтылатын  жыр  айшықты,  салалы  ой  ұғымымен,  бұрылтпас,  бұлжытпас  теңеу – метафораларымен  оқырманды  баурайды.  Қазіргі  қазақ  елі  күйін  мына  жолдардан  біліп,  көре  аламыз:

Мен  қазақпын,  белдімін,  байтақ  елмін,
Қайта  тудым,  өмірге  қайта  келдім.
Мен  мыңда  бір  тірілдім  мәңгі  өлмеске,
Айта  бергім  келеді,  айта  бергім.

Поэманы  публицистикалық  шығарма  дейтініміз,  ол – мағына  жағынан  терең  шындықты  кесек,  құдіретті  сөздер  күшімен  мойындау,  пайымдауы  мол,   тасып  төгіліп  жатқан  асқақтығы  жағынан  пәрменді,  отты  туынды.  Поэма  дүниеге  келгеннен  кейін  сан  рет  радиомен  де,  концерт  залы  сахнасынан  да  оқылды.

«Жыр  туралы  жыр», «Нұрлы  жол», «Қиял  қанаты», «Дала  дастарханы»,  «Туған  жер», «Айттым  сәлем»,  «Қыран  дала»,  «Сел», «Қызыл  галстук»,  «Жесір  тағдыры»,  «Байқоңыр  баспалдақтары»,басқа  да  поэма, дастандар  шықты.

Көлемді,  ұзақ  жыр  құрауға  машықтанған  ақын  поэмаларын  эпикалық  дәрежеге  дейін  көтерген  немесе  өлеңмен  жазылған  хикаяға  айналдыра  білген. 

1970  жылы «Кісен  ашқан»  поэмасы үшін  Қазақ  КСР  мемлекеттік  сыйлығына,  1978 жыл «Қыран  дала»  және «Сел»  поэмалары  үшін  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығына  ие  болды.  КСРО  Қорғаныс  Министірлігі  сыйлығының  лауреаты  және  А.Фадеев  атындағы  алтын  медальдің  иегері.  Көптеген  шығармалары  ағылшын,  неміс,  француз,  поляк,  испан,  венгр,  араб,  монғол,  словак  және  басқа  шетел  тілдеріне  аударылған.  Көркем  аударма  мен  публицистика  саласына  да  қалам  тартқан.

КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңестің  депутаты  болып  сайланған.  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  мүшесі  болды.  1986  жылы  тоталитарлық жүйеге  қарсы  шыққан  қазақ  жастарын  қуғын – сүргінге  ұшыратқан  қандықол  колбиндік  озбырлықты  айыптап  сөз  сөйледі.

Ленин  орденімен,  екі  рет  Еңбек  Қызыл  Ту,  екі  рет  2 – ші  дәрежелі  Отан  соғысы, «Құрмет  Белгісі»  ордендерімен,  бірнеше  медальдармен  марапатталған.  1985  жылы «Қазақ  КСР  Халық  жазушысы»  құрметті  атағы  берілді.

  



Биылғы жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ...

Жаңалыққа өту  

2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бойынша ҚАЗҰЭК-сы kazneb.kz порталындағы электронды нұсқалары Поэзия ...

Жаңалыққа өту  

 Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Бұл жолы ел Тәуелсіздігінің ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай М.Әуезовтың «Абай ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы Қазақстанның екі көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың" Аңыздың ақыры "романы мен Әбділда ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырман! «Бір ел – бір кітап – 2018» Республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат ...

Жаңалыққа өту  

Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ...

Жаңалыққа өту  

2016 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы  Дулат Бабатайұлы таңдалынды. Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу